Шетелдік азаматтарды заңсыз өткізгендер ұсталды

Шетелдік азаматтарды заңсыз өткізгендер ұсталды
ашық дереккөз

Жамбыл облысында Мемлекеттік шекараны белгіленбеген жерден заңсыз кесіп өткен Қырғызстан мен Өзбекстанның 10 азаматы анықталды. Оларды Қазақстанға заңсыз өткізуді ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Прокуратура мәліметінше, күдіктілердің үшеуі – Қазақстан, біреуі – Қырғызстан азаматы. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар шетелдіктерді шекараға дейін жеткізіп, кейін Алматыға тасымалдауды ұйымдастырған.

Барлық күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.