Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің құрамына енді

Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің құрамына енді


Серік Жұманғарин ЕЭК Кеңесінде Қазақстан атынан өкілдік етеді. Бұл туралы комиссияның ресми сайтында жарияланды.

"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде Қазақстан Республикасы атынан Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді" - делінген хабарламада.

Тиісті ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келіп түскен.

Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын.