Қостанай облысының Рудный қаласында әйел бесінші қабаттан құлап, дәмхана шатырына түсті, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға туралы ақпарат «112» пультіне түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, әйелді арнайы арқан мен зембілдің көмегімен шатырдан түсірді.
Зардап шеккен әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды оқыс жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласуға шақырды.