Рэпер Navai-ге тағы бір бап бойынша айып тағылуы мүмкін

Рэпер Navai-ге тағы бір бап бойынша айып тағылуы мүмкін
ашық дереккөз

Қазақстан шекарасында тыйым салынған заттармен ұсталған ресейлік рэпер Navai есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін де жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Қазір әнші уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған қатысты іс есірткі контрабандасы бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, рэпердің талдауынан каннабиноидтар анықталған.

Егер Navai-дің есірткі әсерімен көлік басқарғаны расталса, оған Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Бұған дейін танымал рэпер Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталғанын жаздық.