Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен күмәнді хабарландыру тарады. Онда қуыршақтың суреті жарияланып, бағасы 500 мың теңге деп көрсетілген, деп хабарлайды ult.kz.
Алайда желі қолданушылары хабарландырудың шынайы мақсатына күмән келтіріп, онда бала сату әрекеті жасырын болуы мүмкін екенін жазған. Жағдай көпшіліктің наразылығын тудырды.
Осыған байланысты банк өкілдері пікір білдірді. Олардың айтуынша, күмән тудырған хабарландыру қазірдің өзінде өшірілген.

«Қазіргі уақытта аталған хабарландыру өшірілді. Бұл жағдай бойынша толық тексеру жүргізіп жатырмыз. Барлық ақпарат мұқият тексерілгеннен кейін авторға міндетті түрде жауап береміз», – деді банк қызметкері.
Әзірге хабарландырудың бала сатуға қатысты болғаны ресми түрде расталған жоқ. Сондай-ақ оны кім және қандай мақсатта жариялағаны белгісіз.