Құтқарушылар үш және бір жастағы балаларды құтқарды

Құтқарушылар үш және бір жастағы балаларды құтқарды
видеодан скриншот

Алматы облысы Бесағаш ауылындағы Райымбек көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде екі кішкентай бала қамалып қалған, деп хабарлайды ult.kz.

"Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Автосатының көмегімен олар бесінші қабаттағы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты", делінген хабарламада.

Пәтер ішінде 2023 және 2025 жылы туған сәбилер болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Айта кетейік, мұндай оқиғалар Қазақстанда жиі тіркеледі. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, балалардың үйде қамалып қалуы көбіне ата-ананың қысқа уақытқа сыртқа шығуы немесе баланың іштен есікті жауып алуынан болады. Мамандар кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырады.