Ерлан Қариннің Вице-президент болып тағайындалды

Ерлан Қариннің Вице-президент болып тағайындалды
ашық дереккөз

Бүгін Құрылтай отырысында депутаттар Вице-президент лауазымына ұсынылған Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды ult.kz.

"Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті Құрылтай депутаттары, соңғы 5-7 жылда еліміз қай жағынан болмасын айтарлықтай өзгерді. Өзіңіз айтып жүргендей Қазақстан мүлде жаңа тұрпаттағы елге айналды. Көптеген салада ауқымды және терең өзгерістер жүріп жатыр. Оның оң нәтижесін халқымыз өз көзімен көріп, сезе бастады. Сіздің қолдауыңыз бен сеніміңіздің арқасында елдегі үлкен осындай тарихи өзгерістердің ортасында жүруге мүмкіндік алдық. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңіз жиі айтатын бір сөз бар: әрбір азамат үшін елге қызмет ету үлкен бақыт әрі зор мәртебе. Маған да осы жылдары осындай мүмкіндік беріп, сенім білдіргеніңіз үшін үлкен алғыс айтамын. Қандай қызметте болсақ та, әрдайым өзіңіз айтқан міндеттерді адал атқарып, Қазақстанның болашағы үшін еңбек етуге бар күшімді салуға уәде беремін", - деді Ерлан Қарин Құрылтайда сөйлеген сөзінде.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалуы туралы Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.