«Қазір қызым жоқ»: Еркебұлан Тоқтар жеке өміріне қатысты пікір білдірді

«Қазір қызым жоқ»: Еркебұлан Тоқтар жеке өміріне қатысты пікір білдірді
Коллаж: ult.kz

Қазақстандық актер әрі MMA спортшысы Еркебұлан Тоқтар жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Бейбіт Әлібековтің «По офисам» бағдарламасына қонақ болған Еркебұлан Тоқтар бизнесі, продакшн-агенттігі, жеке лейблі және жеке өмірі туралы әңгімелеген.

Бағдарлама барысында актер қазір қарым-қатынаста емес екенін және сүйіктісі жоқ екенін айтқан.

«Қазір менің қызым жоқ, қарым-қатынаста емеспін», — деген ол.

Еркебұлан Тоқтар жеке өмірінде әзірге жолы болмай жүргенін де жасырмаған. Сонымен қатар ол ағасының мектептегі махаббатына үйленіп, қазір бала тәрбиелеп отырғанын айтып, өзін онымен салыстырған.

Алайда бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Себебі бұған дейін Маркиза лақап атымен танымал Дарья Подгорная Аман Тасығанға берген сұхбатында Еркебұлан Тоқтармен қарым-қатынасы шынайы екенін айтқан еді.

Маркизаның сөзінше, олардың қарым-қатынасы шамамен алты ай бұрын басталған. Ол Еркебұланның Instagram арқылы алғаш болып жазғанын, кейін кездесіп, араларында сезім пайда болғанын айтқан. Блогер бұл байланыстың хайп немесе пиар емес екенін де атап өткен.

Осыдан кейін желіде Еркебұлан Тоқтардың «қарым-қатынаста емеспін» деген сөзі мен Маркизаның бұған дейінгі мәлімдемесі арасында қайшылық бар деген пікірлер пайда болды.

Әзірге Еркебұлан Тоқтардың бұл мәлімдемесі Маркизамен арадағы қарым-қатынасына қатысты ма, әлде ол жеке өмірін жария етпеуді жөн көрді ме — белгісіз.