Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталады, шығыс пен солтүстікте нөсер жаңбыр күтіледі

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталады, шығыс пен солтүстікте нөсер жаңбыр күтіледі
pixabay.com

Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Ал елдің шығысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі және екпінді жел соғуы болжанып отыр, деп хабарлайды ult.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашынға байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Елордада күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрап, екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C болады.

Алматыда да бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 15 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз +31…+33°C болады.

Шымкентте жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы болжанады. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C болады.