Қазақстандық блогер Даша Дошик Ресейде тұруға ықтиярхат (ВНЖ) алғанын хабарлады. Ол бұл жаңалығын өзінің Telegram-арнасында құжаттың суретін жариялау арқылы бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Алайда желі қолданушыларының назарын ықтиярхаттан гөрі блогердің видеодағы әрекеті көбірек аударды. Даша SHAMAN-ның «Я русский» әнін қосып, бірнеше жолын орындап, соңында: «Ресей, алға! Ура!» деп жазған.
Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі блогерді жаңа кезеңімен құттықтаса, енді бірі оның таңдауы мен видеодағы музыкалық сүйемелдеуіне қатысты түрлі пікір білдірген.