Қазақстанда үш бірдей орман өрті сөндіріліп жатыр

Қазақстанда үш бірдей орман өрті сөндіріліп жатыр
Фото: freepik

18 шілдеде өрт Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облысы аумақтарындағы орман алқаптарын, соның ішінде Баянауыл ұлттық паркін шарпыды, деп хабарлайды ult.kz.

Өрт ошақтарын анықтау және оларды сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, Қазавиаорманқорғау кәсіпорны күштері мен құралдары, сондай-ақ қажет болған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері қосылған.

Сонымен қатар Семей орманы аумағында 16 шілдеде басталған орман өрті 18 шілдеде оқшауланды. Өртті сөндіру басталғалы бері тікұшақтар 319 рет су төгіп, жалпы көлемі 709 тонна су жеткізілген.

17 шілдеде ашық жалын толық сөндірілді. Қазіргі уақытта мамандар жекелеген бықсу ошақтарын толық жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.