Қарт әкесін тамақтандырған ер адам желідегілерді тәнті етті (ВИДЕО)

Қарт әкесін тамақтандырған ер адам желідегілерді тәнті етті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Видеода ұлдың қартайған әкесіне ерекше қамқорлық танытып, қасықпен тамақ беріп отырған сәті бейнеленген, деп хабарлайды ult.kz.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде жылдам тарап, көрген жанды бейжай қалдырмады. Көпшілік ұлдың әкесіне деген қамқорлығына тәнті болып қана қоймай, олардың бір-біріне қатты ұқсайтынын да атап өтті.

Пікір қалдырушылардың көбі бұл видеоның көзіне жас үйіргенін жазған. Олар ата-ананы қартайғанда дәл осылай қадірлеп, қамқорлық жасау керектігін айтып, қарияға зор денсаулық тілесе, ұлына көрсеткен сүйіспеншілігі, құрметі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді.