Полицейлер қылмыскерді ұстау үшін "биші қыздарға” айналды

Полицейлер қылмыскерді ұстау үшін  "биші қыздарға” айналды
Фото: Bangkok’s news

Таиландтағы Лопбури провинциясындағы Тха Луанг қаласында тәртіп сақшылары есірткі сатты және интернет арқылы заңсыз құмар ойын ұйымдастырды деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ult.kz.

Арнайы операция барысында алты полицейдің бесеуі ер адам бола тұра, көше фестиваліндегі бишілердің киімін киген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдікті мереке кезінде қоршауға алынған.

Тексеру барысында ер адамның жанынан 53 дана метамфетамин таблеткасы және есірткіні орауға арналған 200-ден астам пластик пакет табылған. Қазір ол қамауға алынған.

Айта кетейік, Таиланд полициясы бұған дейін де осындай әдістерді қолданған. Мәселен, Бангкокте Жаңа жыл мерекесі кезінде бірнеше полицей алып арыстанның костюмін киіп, ұрлық жасады деген күдіктіні ұстаған еді.