"Оны қарсылас деп санамаймын". Роналду Мессиге қатысты ойын айтты

"Оны қарсылас деп санамаймын". Роналду Мессиге қатысты ойын айтты

Италиялық "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселона" клубының ойыншысы Лионель Мессиді қарсыласы деп санамайтынын айтты, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Басылымның мәліметінше, футболшылар Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-турында кездескен. Матчта италиялық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Бұл ойында Криштиану Роналду пенальтиден 2 рет гол соққан.

"Біз 12-13 жыл бойы түрлі марапаттау рәсімдеріне бірге қатысып келеміз. Мен оны қарсылас деп санаған емеспін. БАҚ араға от салып отыр. Екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы. Мұны сіз Леодан сұрасаңыз, ол да осындай жауап қайтарады", - дейді Роналду.