Олжас Абайдың бұрынғы жары жаңа әнін жариялады

Олжас Абайдың бұрынғы жары жаңа әнін жариялады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы, әнші Аймира Аман тыңдармандарына жаңа әнін ұсынды, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, оған “Жауап қайтарар уақыт келеді” деген жазба қалдырған.

Жарияланым желі қолданушыларының назарын аударды. Кейбір оқырман туындыны әншінің жеке өмірімен байланыстырып, бұрынғы жұбайына арналған болуы мүмкін деген болжам айтқан. 
Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай көпшіліктің назарын аударды.

Олжас Абай кім? 

Олжас Абай – қазақстандық актер әрі әнші. Көпшілікке “Очоу” (Ochooou) сахналық есімімен де таныс. “Брат или брак”, “Сиситай”, “Класстастар”, “Базар жоқ, Мексика!” және “Таптым-ау сені” фильмдерінде рөл сомдаған. Соңғы туындыда Дариға Бадықовамен бірге басты кейіпкерлерді ойнады.

Жеке өміріне келсек, бұрын әнші Аймира Аманмен некеде болған. 2026 жылғы 12 қазанда актриса Дариға Бадықовамен үйлену тойын өткізді.