Мектепке хиджабпен келген оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Мектепке хиджабпен келген оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылуы мүмкін
ашық дереккөз

Қазақстанда мектепке хиджабпен келген оқушыға қатысты қандай шара қолданылатыны түсіндірілді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, алдымен оқушымен және оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Мектеп өкілдері ата-анаға мектеп формасына қойылатын талаптар мен білім беру ұйымының жарғысын түсіндіреді.

Егер оқушы мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзуды жалғастырса, жауапкершілік оның ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктелуі мүмкін.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, ата-аналар білім беру саласындағы заң талаптары мен мектеп жарғысын сақтауға міндетті.

Бұған дейін министрлік Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесі зайырлы сипатта екенін ескерткен.

Сонымен қатар мектеп формасына қойылатын талаптарды білім беру ұйымы ата-аналармен және мектептің өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп белгілейді.

Ведомство нақты қолданылатын шаралар бұзушылықтың сипаты мен қолданыстағы заңнама талаптарына байланысты болатынын атап өтті.