Медициналық университетке түсіремін деп, Өскемен тұрғынын 3 млн теңгеге алдаған

Медициналық университетке түсіремін деп, Өскемен тұрғынын 3 млн теңгеге алдаған
egemen.kz

Өскемен тұрғыны медициналық университетке оқуға түсуге көмектесемін деген алаяққа алданып, 3 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, полиция мәліметінше, күдікті жәбірленушіге өзін жалған есіммен таныстырып, қажетті құжаттарды рәсімдеп, университетке қабылдануына ықпал ететінін айтқан. Уәдесіне сенген жас жігіт оған құжаттары мен 3 млн теңге берген.

Алайда күдікті уәдесін орындамаған. Құжаттар университетке тапсырылмай, жәбірленуші оқу орнына қабылданбаған. Ал берілген ақша қайтарылмаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция азаматтарды оқуға түсу, жұмысқа орналасу немесе басқа да мәселелерді ақшаға шешіп беруге уәде еткен адамдарға сақ болуға шақырады. Құжаттар мен қаражатты бейтаныс адамдарға бермей, кез келген ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексерген жөн.