Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік марапатқа ұсынылады

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік марапатқа ұсынылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды ult.kz.

Президенттің көңіл айту жеделхаттарын Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы және қоғам белсенділері қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына жеткізді.

— Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ қайғылы оқиғаға кінәлілердің ең қатаң жазаға тартылатынын айтты. Мемлекет басшысы қаза тапқан әскери қызметшілердің мемлекеттік марапаттарға ұсынылатынын жеткізді, — делінген жеделхатта.