Маңғыстауда көліктен 205 келі бекіре балығы табылды

Маңғыстауда көліктен 205 келі бекіре балығы табылды
Polisia.kz

Маңғыстау облысында полицейлер көліктің жүксалғышынан 205 келі бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 28 тамызда Ақтау қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан.

Көлікті тінту кезінде жүксалғыштан сегіз пакетке салынған 50 дана бекіре балығы табылды. Жалпы салмағы – 205 келі.

Автокөліктегі екі ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген балық жауапты сақтауға берілді.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.