Лионель Мессидің әкесі 68 жасында қайтыс болды

Лионель Мессидің әкесі 68 жасында қайтыс болды
Фото: әлеуметтік желі

Аргентиналық футболшы, әлем чемпионы Лионель Мессидің әкесі әрі ұзақ жылдар бойы оның өкілі болған Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz.

Аргентиналық Infobae басылымының мәліметінше, Хорхе Месси 7 тамыз кешінде туған жері Росарио қаласындағы клиникада көз жұмған. Ол соңғы айларда ауыр дертпен күресіп, дәрігерлердің бақылауында болған. Оның нақты диагнозы жарияланған жоқ. 

Хорхе Месси ұлының футболдағы мансабында маңызды рөл атқарды. Ол Лионельдің кәсіби спорттағы алғашқы қадамдарынан бастап жанында болып, оның өкілі әрі агенті қызметін атқарды.

Лионель Месси бала кезінде өсу гормонының тапшылығына байланысты ем қабылдаған. Ем-дом шығыны отбасы үшін айтарлықтай қаржылық салмақ түсірген. Хорхе ұлының емделуін жалғастыруға мүмкіндік іздеп, оның футболдағы болашағын сақтап қалуға күш салған. 

Кейін Хорхе Месси ұлының Испанияға көшуі мен «Барселона» академиясына қабылдануында да маңызды рөл атқарды. Лионель 13 жасында Испанияға аттанып, сол жерде әлемдік футбол жұлдызына айналды. 

Маусым айында Хорхе Мессидің денсаулығына қатысты ақпарат тараған болатын. Сол кезде футболшының отбасы оның денсаулығында күрделі мәселелер барын растағанымен, жалған ақпараттардың тарауына байланысты жұртшылықтан сабыр сақтауды сұраған. 

2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Лионель Месси Аргентинаға әкесінің қасында болу үшін барған. Арада көп ұзамай Хорхе Мессидің қайтыс болғаны белгілі болды.