ковид

ковид

Қазақстан QazVac (QazCovid-in) атты отандық вакцинасын дайындады. Осылайша, біздің ел төрткүл дүниедегі халықтың "зәресін алып, құтын қашырған" коронавирус инфекциясына қарсы өз вакцинасын әзірлеген санаулы мемлекеттің қатарына еніп отыр. Бұл оқиға - сөзсіз, отандық ғылымның елеулі бір жетістігі. 

Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген вакцинаның алғашқы партиясы осыдан бір апта бұрын тиелгенде, көпшілік қауымның ерек қуанғаны рас. Әуел бастан вакцина әзірлеу процесіне күдікпен қарағандар да болды, әрине. Ашық қоғамда әртүрлі пікірдің айтылуы да заңдылық. Дегенмен 

Бүгінгі еліміздің барлық өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілген препарат халыққа салына бастады. Сынақ кезінде 96 пайыздық тиімділік көрсеткен вакцинаның жанама әсер беріп, жағымсыз жәйттарға ұшыратқанын ести қоймадық. 

Бұл тарихи оқиға туралы елдегі басылымдардың бөлек, халықаралық агенттіктер мен интернет басылымдар жарыса жазып жатыр. Осы орайда, Ұлт порталы солардың кейбірінен ұзынды бергенді жөн санады.