Гүлзира Айдарбекова жаңа үйін көрсетті

Гүлзира Айдарбекова жаңа үйін көрсетті
Фото: әлеуметтік желі

Продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа баспанасына қоныстанғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол бөліскен видеодан қоныс тойға жасалған дайындықты, үйдің ішкі безендірілуін және жақындарының қуанышты сәтке бірге жиналғанын көруге болады.

Жаңа үйге қоныстанған продюсерді өнердегі әріптестері мен оқырмандары құттықтап, шаңырағына бақ-береке тіледі.

Дегенмен жарияланымның астында Гүлзира Айдарбекованың отбасындағы жақында болған қайғылы жағдайға қатысты пікірлер де жазылды. Бұған дейін продюсердің ағасының қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыны еске салған кейбір желі қолданушылары қоныс тойдың дәл осы уақытта жариялануын орынсыз деп бағалаған.

«Ағасының қырқы өтпей жатып қоныс тойын жасап жатыр» деген мазмұндағы пікірлер де кездесіп, оқырмандар продюсердің қаралы жағдайдан кейінгі қуанышын көпшілікке көрсетуіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Кеше ғана бауырыңның ауыр халін айтып, уайымдап, бейнесін салып едің. Алла иманын саламат етсін, жатқан жері жайлы болсын. Қоныс тойларың құтты болсын, әрине. Бірақ бауырыңның қырқын өткізген соң жарияласаңшы. Қазір қазаның қайғысы басылмай тұрған кез ғой», – деп жазды оқырмандардың бірі.