Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновтың туыстарына шүйлікті

Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновтың туыстарына шүйлікті
Коллаж: ult.kz

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол қайын жұртынан әлі қысым көріп келе жатқанын жасырмады. 

«Түсінуімше, қайын жұртым әлі де тынышталар емес. Олар жалған аккаунттар ашып, мен туралы да, марқұм әпкем туралы да (туыстарым жайлы да) небір жағымсыз сөздер жазған. Енді @guli_rkh аккаунты арқылы менің тегімді көрсетіп, жол қозғалысы ережелеріне қатысты мәліметтерді заңсыз тарата бастапты. Осылайша менің абыройыма нұқсан келтіріп отыр! Әлде бұл мен жол апатына түскен жағдайға байланысты маған жасалып жатқан қосымша қысым ба?» - деп жазды келіншек. 

Гүлайым Рахмонова Алматы полициясына осы жағдай бойынша шұғыл түрде шара қолдануды талап етті.