Freedom Inside '26

Фируза Шәріпова Мәскеуде сербиялық боксшыны жеңді

Фируза Шәріпова Мәскеуде сербиялық боксшыны жеңді

Мәскеу қаласындағы «Кеңестер қанаты» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр. Онда қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Шәріпова сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) айқасты. Сегіз раундқа есептелген жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. 

Осылайша, Фируза Шәріпова профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді. 26 жастағы спортшымыз үшін бұл – 2020 жылғы екінші айқас. Бұған дейін ол тамыз айында Танзания өкілі Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын.