Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды
Ақорда

«Қазақ газеттері» ЖШС-не жаңа бас директор тағайындалды. Компанияны бұдан былай Ержан Айтөреұлы Байтілес басқарады, деп хабарлайды ult.kz.

Ержан Байтілес 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тамамдаған.

Ол еңбек жолын журналистика саласынан бастап, «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Egemen Qazaqstan» секілді республикалық басылымдарда тілші болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдары «Ана тілі» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Кейін «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі болды.

2018-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылы Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болып тағайындалды. 2021-2023 жылдары Мемлекеттік кеңесші Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдан бері ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Айта кетейік, «Қазақ газеттері» ЖШС-ін 2022 жылдан бері профессор, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы басқарған.