Бразилияның Парана штатында 3 жасар қызын аяғымен тепкен ер адам сот шешімімен қамауға алынды. Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен таралған, деп хабарлайды ult.kz.
Кадрларда әкенің екі баласымен келе жатып, кенеттен 3 жасар қызын теуіп жібергені көрінеді. Соққыдан сәби жерге құлап қалған. Оқиғаға куә болған тұрғын араша түспек болғанымен, күдікті оған қарсылық көрсеткен.
Балалардың анасы бұл жағдай туралы бейнежазба таралғаннан кейін ғана біліп, полицияға арыз түсірген. Ер адам тергеу барысында қызын жылағаны үшін тепкенін мойындаған. Бастапқыда дәлелдің жеткіліксіздігіне байланысты босатылғанымен, кейін сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қыз балаға, оның бауыры мен анасына қорғау шараларын қолданып, істі тергеуді жалғастырып жатыр.