Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріндегі мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған Voenmart пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ult.kz.
Қазір жоба Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде, Гвардейск гарнизонының оқу орталығында, Астанадағы 68665 әскери бөлімінде және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде енгізілген.
Voenmart жүйесі арқылы сарбаздар қажетті тауар мен тағамға тапсырыс беріп, оларды әскери бөлім аумағына тегін алдыра алады.
Пилоттық жоба нәтижелері бағаланғаннан кейін жүйе еліміздің өзге әскери бөлімдеріне кезең-кезеңімен енгізіледі.