Елімізде тағы 96 адам коронавирустан жазылды

Елімізде тағы 96 адам коронавирустан жазылды

Қазақстаның үш өңірінде тағы 96 адам коронавирустан емделіп, үйлеріне оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 85, Жамбыл облысында 5 адам коронавирустан айыққан. 

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 3469-ға жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 602
Алматы қаласы – 1015
Шымкент қаласы – 196
Ақмола облысы – 96
Ақтөбе облысы – 147
Алматы облысы – 139
Атырау облысы – 174
Шығыс Қазақстан облысы – 26
Жамбыл облысы – 140
Батыс Қазақстан облысы – 173
Қарағанды облысы – 147
Қостанай облысы – 47
Қызылорда облысы – 210
Маңғыстау облысы – 50
Павлодар облысы – 132
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 146

Бүгінге дейін 6440 адамға коронавирус диагнозы қойылды, 35 науқас қайтыс болды.