Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: freepik

Қазақстанда 5 қыркүйекте ауа райы негізінен құрғақ әрі жылы болады. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым аймағының ықпалында болады. Сондықтан көп өңірде жауын-шашынсыз, бұлтсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Дегенмен Қазақстанның батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда жел күшейеді.

Күндіз ауа температурасы:

батыс, солтүстік және орталық өңірлерде +25…+33°C;

шығыста +20…+25°C;

оңтүстікте +28…+37°C;

оңтүстік-шығыста +20…+30°C болады.

Ал оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күндіз ауа температурасы +10…+20°C шамасында сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер жалғасады.

Алматыда 5 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. 

Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +8…+10°C, күндіз +27…+29°Cдейін жылынады.