Дәурен Абаев министрліктің бір жылдық жұмысын қорытындылады

Дәурен Абаев министрліктің бір жылдық жұмысын қорытындылады

Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook желісінде министрліктің бір жылда жеткен жетістіктері туралы айтылған видеожазба жариялады. Бүгін, 2017 жылдың 6 мамырында министрліктің құрылғанына бір жыл толып отыр. 

Абаев видеода қолданушылармен кері байланыс ведомство қызметкерлерін босаңсытпай, дамуға жақсы шабыт бергенін атап өтті. Сондай-ақ, видеода жаңа министрліктің қызметкерлерінің осы уақытта қандай іс тындырғаны жан-жақты айтылады.