Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Гүлмира Кенжеболатованың туған күніне арналған кеште көрінді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, кеш барысында Дариға Назарбаевамен кездесіп, әңгімелесуге мүмкіндік болған.
«Осы кеште Дариға Нұрсұлтанқызымен де кездесудің сәті түсті. Диссертация қорғаған жылдары Бірінші Президент қорының бізге, ғылымға ұмтылған жастарға көрсеткен қолдауы ерекше еді. Монографияларымызды шығаруға мүмкіндік берді. Сол қолдаудың маңызы біз үшін өте зор болды. Сол үшін рахметімді айтып, алғысымды білдірдім», – деп жазды Толқын Забирова.
Әнші Дариға Назарбаевамен кездесіп, ғылым саласындағы жастарға көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіргенін атап өтті.