Блогер Ару Сағи Instagram Stories-те хиджабсыз видеолар жариялап, енді патриархатпен күресетінін жазды, деп хабарлайды ult.kz.
Instagram Stories-те жариялаған жазбасында ол енді ерлердің ыңғайлылығы үшін қалыптасқан ережелерді қабылдамайтынын жеткізді.
«Ресми түрде мәлімдеймін: мен патриархатқа қарсы күрес бастаймын. Ерлердің ыңғайлылығы үшін ойлап табылған ережелерден, мақалдардан, уағыздардан, ақылдардан бас тартамын. Менің денем, менің шешімдерім – біреудің ыңғайлылығы үшін емес. Патриархат қоғамда, дінде, "норма" болып тереңге кеткен – және мен бұнымен енді үнсіз келіспеймін. С меня хватит», – деп жазды блогер.
Блогердің сериялық жарияланымдарына сенсек, бұл шешімге оның күйеуімен ұрысы себеп болған.
