Бір рет қолданылатын масканың бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін арзандады

Бір рет қолданылатын масканың бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін арзандады

Үш қабатты медициналық масканың бағасы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. 

Соның ішінде бір рет қолданылатын үш қабатты медициналық масканың бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін, яғни 28%-ға арзандатылды.