«Бекер құтқардық»: психолог блогер Жузефина туралы айтты

«Бекер құтқардық»: психолог блогер Жузефина  туралы айтты
Сурет: скриншот

Танымал психолог Индира Раззақ журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында блогер Жұлдыз Жауынбаеваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Психологтың айтуынша, кезінде блогерге қиын жағдайдан шығуға көмектескен. Алайда кейін оның әрекеттеріне көңілі толмағанын жеткізді.

«Жузефина ол кісілерге қоңырау шалады. Менде осындай жағдай болып тұр, кімге хабарласарымды білмедім. Сіздерге хабарласып тұрмын. Сосын ол кісілер маған шығады. “Сіздің танысыңыз еді ғой, бізге шығып жатыр” деді. Ол қамалайын деп тұрған жерінен құтқарып алды», - деді Индира Раззақ.

Оның сөзінше, кейін Дархан есімді азамат сұхбаттан соң блогердің үстінен арыз түсіретінін айтқан. Алайда психолог бұл жағдайдың соңы басқаша болғанын жеткізді.

«Біз оны шығарып алғаннан кейін, ертесі шай үстінде “қызым” деп тұрып ақылын айтты. “Мына нәрсе жабылғанша екі ай сен тыныш бол, абай бол. Бұл тірлігіңді істеме”, - деді. Ешқандай осознание жоқ. Бұл қыз өз ісін ары қарай жалғастыра береді», - деді ол.

Индира Раззақ осы жағдайдан кейін блогерге көмектескендеріне қатысты өкінішін де жасырмады.

«Бұл қызды бекер құтқардық деген түсінікке келдім», - деді психолог.

Айта кетейік, бұл - Индира Раззақтың сұхбат барысында айтқан жеке пікірі. Жұлдыз Жауынбаеваның аталған мәлімдемеге қатысты ұстанымы әзірге белгісіз.