Ауладағы жанжал: астаналық ер адам аспанға оқ атты

Ауладағы жанжал: астаналық ер адам аспанға оқ атты
Ашық дереккөзден

Астанада тұрғын үй ауласында газ тапаншасынан оқ атылды. Полицияның мәліметінше, оқты үй тұрғындарының бірі агрессивті әрекет көрсеткен жастарды тоқтату үшін аспанға ескерту ретінде атқан, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияға тұрғын үй ауласында атыс болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары жедел жетіп, оқиғаға қатысушылардың барлығын ұстап, полицияға жеткізді.

Ведомствоның мәліметінше, аулада алкоголь ішкен бір топ жас агрессивті мінез-құлық танытқан.

Полиция тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Құқық бұзушыларға қатысты заңға сәйкес шара қабылданады.