Әуеде екі ұшақ соқтығысты: Мерт болғандар арасында танымал әнші де бар

Әуеде екі ұшақ соқтығысты: Мерт болғандар арасында танымал әнші де бар
Фото: freepik

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында болған тікұшақ апаты салдарынан америкалық әнші әрі музыкант Oliver Tree 32 жасында қаза тапты. Қайғылы оқиға 14 маусымда болған. Әуе апаты кезінде екі тікұшақ әуеде соқтығысып, олардың бірі жерге құлаған. Салдарынан борттағы алты адамның барлығы көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Құрбандардың қатарында Oliver Tree-ден бөлек аргентиналық блогер Gaspar “Gaspi” Prim, продюсерлер Лукас Виньяле мен Лукас Бриту Шавес, сондай-ақ екі ұшқыш болған. Оқиға кезінде тікұшақ автокөлік салонының аумағына құлап, бірнеше электр көлігі өртенген. 

Әзірге апаттың нақты себебі жарияланған жоқ. Бразилия билігі оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, адам факторына байланысты қателік болуы мүмкін деген болжам қарастырылуда. 

Oliver Tree соңғы жылдары ерекше сахналық образымен, әзілге құрылған бейнебаяндарымен және “Alien Boy”, “Life Goes On”, “Miss You” сияқты хит әндерімен әлемге танылған. Апат кезінде ол әлемдік гастрольдік тур аясында Латын Америкасында өнер көрсетіп жүрген. 

Әншінің командасы оның қазасын ресми түрде растады. Әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемеде Oliver Tree-дің өнерді қолдауға арналған қайырымдылық қорын құруды өсиет етіп кеткені айтылды. Музыканттың жақындары мен жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен көңіл айтып, оның шығармашылығы ұмытылмайтынын жазып жатыр.