Астанада саяхатшының велосипеді ұрланбаған – полиция

Астанада саяхатшының велосипеді ұрланбаған – полиция
Фото: видеодан кадр

Астанада саяхатшы Бүрлен Әділетқызының велосипеді ұрланды деген ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды ult.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, велосипедтің ұрланғаны туралы құқық қорғау органдарына ешқандай арыз түспеген. Алайда әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты видео тарағаннан кейін полицейлер велосипедтің орналасқан жерін жедел анықтаған.

Тексеру барысында ұрлық болмағаны белгілі болды. Велосипед иесінің құрбысының үйінде қалған.

Полиция азаматтарды ақпараттың анықтығына көз жеткізбей, жалған мәлімет таратпауға шақырды. Ведомство шынайы екені белгілі жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.