Астанада қоғамдық орында жалаңаш жүрген ер адамға қатысты сот шешімі шықты. Қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада қоғамдық орында жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамалды
Елорданың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қ. есімді азамат бөгде адамдардың көзінше қоғамдық орында жалаңаш жүрген. Сот оның әрекетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу әрі айналасындағыларға құрметсіздік таныту деп бағалады.
Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша мұндай құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 5-тен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.
Алайда сот істің мән-жайларын ескере отырып, ер адамға 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындаған. Сот қаулысында құқық бұзушылықтың сипаты, қоғамдық тәртіпке кері әсері және мұндай әрекеттердің алдын алу қажеттігі назарға алынғаны айтылған.
Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.