«Astana Marathon 2019» жарысына бірқатар мемлекеттен 5000 қатысушы тіркелді

«Astana Marathon 2019» жарысына бірқатар мемлекеттен 5000 қатысушы тіркелді

«Astana Marathon 2019» жарысына әртүрлі мемлекеттен 5000 қатысушы тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon 2019» қайырымдылық марафоны өтеді. Жарыс 42,2 шақырым және 10 шақырым қашықтыққа ұйымдастырылады. 

Марафонға жасы 18-ден (42,2 шақырым) және 16-дан (10 шақырым) асқан кез келген адам қатыса алады.

Жарысқа қатысу үшін Astana Marathon – www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеліп, 4000 (10 шақырым) немесе 8000 (42,2 шақырым) теңге көлемінде жарна төлеу керек.

Өтінім қабылдаудың соңғы күні 42.2 шақырым үшін – 1 қыркүйек, ал 10 шақырым үшін – 5 қыркүйек (23:59 ч.). 10 шақырым қашықтық үшін тіркелу және желаяқтар пакетін тапсыру Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 46 (Hilton Hotel Astana) мекенжайы бойынша 6-7 қыркүйек күні Astana Marathon EXPO 2019 спорт көрмесі кезінде өтеді.

Бүгінгі күні жарысқа қатысушы ретінде Қазақстан мен 25 алыс және жақын шетелден 5000 адам тіркелді. Бес элиталы атлет 02:13:00 дейін Astana Marathon тасжолының нәтижесін жаңартуды жоспарлап отыр.