Аша Матай депутаттарға үндеу жасап, жұмыстарына сәттілік тіледі

Аша Матай депутаттарға үндеу жасап, жұмыстарына сәттілік тіледі
Коллаж: видеодан кадр

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Құрылтай сайлауынан кейін жаңадан сайланған депутаттарға үндеу жасап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Өнер иесі халық қалаулыларына үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Аша Матай әлеуметтік желідегі жазбасында Құрылтай сайлауының аяқталып, халық таңдаған депутаттардың тиісті ант қабылдағанын айтты. Ол жаңадан сайланған халық қалаулыларын құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар әнші жаңа құрамдағы депутаттардан мемлекет пен халықтың игілігі үшін адал қызмет етеді деп үміт күтетінін жеткізді. Ол депутаттарды берген анттарына берік болуға шақырып, жұмыстарына ақ жол тіледі.