Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ мопед жүргізушісі патрульдік полицияның тоқтау туралы талабын орындамай, қашуға әрекет жасаған, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция мәліметінше, 26 қыркүйекте жүргізуші жол бойында 10-нан астам ереже бұзған. Ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, қарсы жолаққа шығып, қауіпті маневрлер жасаған.
Кейін жүргізуші ұсталып, іс сотқа жолданды. Сот оны 8 тәулікке қамауға алып, 1 миллион теңге айыппұл салды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, қызметкерлердің тоқтау туралы талабын орындауға шақырды.