АҚШ-та көші-қон заңын бұзған қазақстандық әйел ұсталды

АҚШ-та көші-қон заңын бұзған қазақстандық әйел ұсталды
ашық дереккөз

АҚШ-та Қазақстан азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады., деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстандық әйел Флорида штатында АҚШ-тың иммиграциялық қызметі тарапынан елде заңды көші-қон мәртебесі болмағаны үшін ұсталған.

Қазір Қазақстанның дипломатиялық өкілдері АҚШ мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматшаның отбасымен байланыс орнатқан.

Министрлік мәліметінше, қазақстандыққа қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.