Ақмола облысында суға құлаған көліктен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды ult.kz.
Жеңіл көлік суға түсіп кеткен.
ТЖД мәліметінше, құтқарушылар көлікті судан шығарған кезде салонда екі баланың денесі болған.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция тергеуді бастады.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, отбасы су жағасына демалуға барған. Киім ауыстыру үшін 9 және 12 жастағы екі қыз көлікке кірген. Сол сәтте көлік өздігінен жүріп кетіп, суға құлаған.