Әнші Бүркіт балаларының білімі туралы айтты

Әнші Бүркіт балаларының білімі туралы айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Бүркіт балаларын ақылы оқу орнына емес, мемлекеттік мектепке беретінін айтты. Өнер иесінің мектеп таңдау туралы пікірі желіде талқыланды, деп хабарлайды ult.kz.

Әнші балаларының қайда білім алатынына қатысты ұстанымын ашық жеткізді. Ол ақылы мектепті таңдауды міндет санамайтынын қысқа әрі нақты айтқан.

“Ешқандай ақылы мектеп керек емес. Тіпті балалар автобуспен жүргенді қалайды”, – деді Бүркіт.

Өнер иесінің бұл сөзі көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Талқылауға әншінің мемлекеттік мектепті таңдауы және балалардың біліміне қатысты көзқарасы арқау болды.

Айта кетейік, Бүркіт Аишамен қалай шаңырақ көтергенін айтты.

Бүркіт пен Аиша кім? 
 

Бүркіт - қазақстандық эстрада әншісі, композитор және продюсер. Шын есімі - Айбек Жансейітов. Ол қазақ және орыс тілдерінде ән орындайды. Жеке шығармашылығымен қатар, жұбайы Аишамен орындаған дуэттері арқылы да көпшілікке танылған. Аишаның өнер жолына қадам басуына продюсер ретінде қолдау көрсеткен.

Аиша - эстрада әншісі, Бүркіттің жұбайы әрі сахнадағы серіктесі. Шын есімі - Виктория Жансейітова. Шығармашылық жолын Бүркітпен бірге бастаған. 2009 жылы оның “Раба любви” әніне бейнебаян жарық көрген. Тыңдарманға жұптың “Тау-тау сезім” секілді ортақ әндері таныс. Бүркіт пен Аиша 2010 жылы шаңырақ көтерген.