Қазақстандық журналист әрі тележүргізуші Анна Данченконың анасы Светлана өмірден өтті. Қаралы хабарды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Анна Данченко анасының қазасын ауыр қабылдағанын айтып, оған арнап жүрек тебірентерлік жазба жариялады.
«Мама, сен жай ғана ұйықтап жатырсың ғой, иә? Мама! Сен мені мүлде жалғыз қалдырдың. Мүлде жалғыз… Сенсіз бос пәтерде қараңғы. Мен сенің әкемді сағынғаныңды білемін, бірақ мен ше? Жанымау, мама, неге?» – деп жазды тележүргізуші.
Бұған дейін Анна Данченко анасының денсаулығы күрт нашарлағанын хабарлаған еді. 20 тамызда журналист анасының ауруханаға түскенін айтып, көпшіліктен дұға етуді сұраған.
Ал 26 тамызда ол анасының жағдайы өте ауыр екенін, жансақтау бөлімінде жатқанын жазды. Аннаның айтуынша, анасы операциядан кейін де мықтылық танытып, өмір үшін күрескен.
Журналист анасы өміріндегі ең жақын адамы әрі басты тірегі болғанын айтқан. Әкесінен айырылғаннан кейін анасы үшін мықты болуға тырысқанын жеткізген Анна енді өзін жалғыз қалғандай сезінетінін жазды.