Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы туған анасын тапты

Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы туған анасын тапты

Америкалық отбасы асырап алған этникалық қазақ қызы Эйжа Бергер туған анасын тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Эйжа биологиялық ата-анасын іздейтіндігін Facebook-тегі Kazakh American Association (Қазақстандық-америкалық қауымдастық) паблигінде жазған-ды.

«Туған анаммен байланысқа шықтым, біз өте бақыттымыз. Көмек көрсеткен барлықтарыңызға үлкен рахметімді айтамын», - деп жазды Эйжа Бергер бұған дейін Kazakh American Association (Қазақстандық-америкалық қауымдастық) паблигінде қалдырған жазбасындағы қосымша пікірінде.

Бұған дейін америкалық отбасы асырап алған этникалық қазақ қызы Эйжа Бергер өзінің биологиялық ата-анасын іздейтіндігін, Facebook парақшасында журналист Талғат Алмановқа берген сұхбатында оған не түрткі болғандығын айтқанын хабарлаған едік.