Алматыда тұмауға байланысты шектеулер бола ма?

Алматыда тұмауға байланысты шектеулер бола ма?

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада тұмауға байланысты қандай шектеулер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біздің міндетіміз – карантинді болдырмау. Бізде тұмауға байланысты карантин болған емес. Бірақ, шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Тұмау өршитін болса, мектеп, балабақша мен кәсіпорындарға шектеу шаралары қолданылады», - деді Жандарбек Бекшин брифингіде. 

Ол тұмау мен коронавирустың профилактика шараларының бірдей екенін атап өтті.

«Егер санитарлық талаптарды сақтап, оны дұрыс орындасақ, онда біз тұмаудың күрт өсуіне жол бермейміз», - деді ол.