Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жарияланды

Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Алматы тұрғындарын қар көшкініне тап болмас үшін барынша абай болуға шақырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«4-8 сәуір аралығында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және алда болатын жауын-шашынға байланысты Үлкен Алматы су алабында (2100 метр биіктікте) қар көшкіні жүруі мүмкін», - деп ескертеді мамандар.

Осыған байланысты тау бөктеріне шығуды кейінге қалдырған жөн. Қазгидромет тауға шыққан жағдайда барынша абай болу керектігін еске салады.