Алматыда ер адам енесін зорлады деген күдікке ілінді

Алматыда ер адам енесін зорлады деген күдікке ілінді
Фото: видеодан кадр

Алматыда енесіне зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға оның жұбайы полицияға арызданғаннан кейін белгілі болған, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 17 тамызда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті 1961 жылы туған енесінің үйіне «шай ішуге» келген. Кейін әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған деген күдікке ілінген.

Жәбірленуші үш жыл бұрын ауыр жол-көлік оқиғасына түсіп, содан бері денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған. Оның қызының айтуынша, анасының жағдайына қарамастан, ол үш баласын тәрбиелеп отыр, олардың бірінің ерекше қажеттілігі бар.

Оқиғадан кейін әйелдің қызы өз күйеуінің үстінен полицияға арыз берген.

Бұған дейін істің созылып кеткені туралы ақпарат тараған. Бұған сот-медициналық сараптамаға қатысты құжаттардың дұрыс толтырылмауы және полиция мен сарапшылар арасындағы бюрократиялық мәселелер себеп болғаны айтылған.