Freedom Inside '26

Алматыда әйел көпқабатты үйдің ауласында босанып қалды

Алматыда әйел көпқабатты үйдің ауласында босанып қалды
kris_p_almata

Алматы қаласында әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанып қалды. Ерекше оқиға Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту таңғы сағат 06:21-де түскен. Дәрігерлер оқиға орнына небәрі 10 минутта жеткен.

Алайда медицина қызметкерлері келген кезде әйел босанудың белсенді кезеңінде болған. Соның салдарынан сәби жедел жәрдем көлігінің зембілінде дүниеге келген.

Дүниеге салмағы 3 370 грамм қыз бала келді. Дәрігерлердің айтуынша, босану сәтті өткен.

Қазір анасы мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында.